Эндаумент қорлар туралы жеке заң жобасы не үшін қажет – Саясат Нұрбек

16 сәуір, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Эндаумент қорлар туралы жеке заң жобасы не үшін қажет – Саясат Нұрбек
Фото: видеодан скриншот

«Нысаналы капитал қорлары (эндаумент-қорлар) туралы» заң жобасы әзірленіп, 2024 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілген болатын. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында талқыланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда 22 эндаумент қоры бар, оның 15-і білім беру секторында, орташа капиталдандыруы 1 миллиард теңгеден төмен.Ал эндаумент-қорлар туралы жеке заң жобасы не үшін қажет болды? Бұл сұраққа министр былай деп жауап берді.

«Жеке заңның қажеттілігі эндаумент қорларының инвестициялық қызметін, инвесторлардың эндаумент-қорларына мақсатты жарналар бойынша мүліктік құқықтарын, олардың мақсатты пайдаланылуына тәуекелді бақылау және т.б. мәселелерін реттейтін бірқатар нормативтік құқықтық актілердің болмауына байланысты болды. Эндаумент қорлары қайырымдылықты инвестициялық қорлардың функцияларының қос табиғатын біріктіреді, сондықтан да жеке заң қажет болды. Бұл табысты эндаумент қорлары бар барлық елдерде кең таралған тәжірибе», - деді Саясат Нұрбек.