Астанадағы тексеру шаралары аясында 349 мұнаралы кранды тексеру жоспарланған. Қазіргі таңда оның 94-і тексерілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
Комитеттің мәлімдеуінше, тексеру нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының өрескел бұзылғаны анықталды. Жіберілген кемшіліктер үшін жауапты тұлғаларға әкімшілік шара қолданылып, айыппұл салынды. Ал екі мұнаралы кранның жұмысы олқылықтар толық жойылғанға дейін уақытша тоқтатылды.
Айта кетерлігі, елордада мұнаралы крандарды пайдалану кезінде орын алған апаттардан кейін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қадағалау күшейтілді.