Республика күні: Астанада «Менің Қазақстаным» ауқымды челленджі өтіп жатыр

Бүгін, 15:25
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Республика күні: Астанада «Менің Қазақстаным» ауқымды челленджі өтіп жатыр
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада Республика күніне орай басталған «Менің Қазақстаным» ауқымды челленджі өтіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде ұйымдастырылған бастама елорда тұрғындарын бір бағытта тоғыстырды. Оған мәдениет қайраткерлері, шығармашылық және спорт саласының өкілдері, оқушылар, белсенді жастар мен қала тұрғындары қатысты.

Қатысушылар челленджге қосылып, ұлттық мерекеге арналған бейнероликтерін жариялап жатыр.
Астаналықтар жазбаларында қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтап, Отанға деген махаббатын сөзбен жеткізеді. бірлік, тәуелсіздік, Отанға деген сүйіспеншілік және әр азаматтың ел дамуына қосар үлесі туралы ой бөліседі. Челленджге түрлі буын мен сала өкілдері қатысып, елордада мерекелік көңіл күйдің қалыптасуына үлес қосып жатыр.

«Менің Қазақстаным» челленджі Республика күнін мерекелеу аясындағы ауқымды патриоттық бастамалардың біріне айналды. Оның негізгі мақсаты – азаматтық сананы қалыптастыру, патриоттық рухты көтеру және мемлекеттік рәміздер мен ұлттық мұраға құрметті арттыру.

Еске салайық, Республика күніне орай Астанада мәдени, қоғамдық, спорттық, білім беру және патриоттық бағытта 120-дан астам іс-шара өтіп жатыр.

Айта кетейік, бұдан бұрын да елордада мерекеге орай ауқымды челлендж басталғанын жазған болатынбыз.