Астана қаласы «Сарайшық» ауданы әкімі аппаратының 50 қызметкерінің бастамасымен Президенттік саябақта 30 түп шырша ағашын отырғызу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Сенбілік қоршаған ортаны абаттандыру және қаланың жасыл желегін көбейту мақсатында ұйымдастырылды.

«Ауданымызда ағымдағы жылы 8 мыңнан астам ағаш және 25 мыңнан астам бұталы гүлдер отырғызылды. Жалпы алғанда, «Сарайшық» ауданының жасыл қоры 80 мыңнан аса ағашты құрады.
Ағаш отырғызу – қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға, ауаның сапасын арттыруға және көрікті ортаны қалыптастыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі», - деп аудан әкімінің орынбасары Мұхамедияр Қожекенов ақпаратымен бөлісті.

Әкімдік барша қала тұрғындарын осындай игі бастамаларға белсенді қатысып, қаланың тазалығы мен жасыл желегін сақтауға үлес қосуға шақырады.
Еске салайық, бұдан бұрын елордада Республика күніне орай ауқымды экологиялық акция өткені туралы жаздық.