Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті

Бүгін, 13:58
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті
Фото: ҰОК

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуін сәтті өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰОК-ке сілтеме жасап. 
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде отандасымыз Ресей балуаны Анвар Аллахияровпен белдесті. Кездесу қорытындысы бойынша Айдос 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық балуан ширек финалға жолдама алып, әлем чемпионатының жүлдесі үшін күресін жалғастырады.

Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали - әлемнің қазіргі чемпионы. Ол 2025 жылы Хорватияның Загреб қаласында өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған.