Елімізде 2 мыңнан астам жаңа мамандық анықталды
Қазақстанда еңбек нарығының өзгеруі мен жаңа кәсіптердің пайда болуын ескере отырып, кадрларды даярлаудың озық жүйесі қалыптасуда. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында хабарлады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның айтуыша, 20 өңірлік карта әзірленген. Оларда 2 мыңнан астам жаңа мамандық айқындалып, қолданыстағы мамандықтардың трансформациясы көрсетілген. Бұл ретте цифрлық сыңар бойынша және өндірістік процестерде жасанды интеллектіні қолдану бойынша мамандар пайда болуда.
2026 жылы Жаңа мамандықтар атласы негізінде 1 983 білім беру бағдарламасы жаңартылды, ал 2022 жылы небәрі 7 бағдарлама жаңартылған еді. Білім беру бағдарламалары жасанды интеллектіні ескере отырып өзектендіріледі, микробіліктіліктер мен өндірістік оқыту енгізіледі.
Еске салсақ, еліміздің 11 өңірінде 13 жаңа колледж салу жоспарлануда.