Еліміздің 11 өңірінде 13 жаңа колледж салу жоспарлануда
Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің инфрақұрылымы жаңғыртылып, қазіргі заманғы колледждерде жастарды оқыту үшін жағдайлар жасалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Министрдің сөзінше, жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілер есебінен 174 колледж, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар қолдауымен 13 колледж жабдықталған. Десе де еліміз бойынша 143 мемлекеттік колледждің материалдық-техникалық базасын шұғыл жаңарту талап етіледі.
Саланы одан әрі жаңғырта түсу үшін еліміздің 11 өңірінде 13 жаңа заманауи колледж салу көзделген. Бұл өңірлердегі тапшылықты азайтып, жастарымызды заманауи, жабдықталған ортада сапалы кәсіптік біліммен қамтамасыз етуге тікелей мүмкіндік бермек.
Еске салсақ, еліміздің ТжКБ жүйесінде 14 мыңнан астам білім беру бағдарламасы әзірленді.