Жексенбі елордада 150 отбасылық команда дуатлонда сынға түседі
13 қыркүйек күні елордалық Триатлон саябағында Отбасы күніне орай және «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Otbasy duathlon– 2026» отбасылық спорттық іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Жарысқа үш адамнан тұратын отбасылық командалар қатыса алады: әке, ана және 8–13 жас аралығындағы бала.
Отбасылық эстафета кезеңдері:
Әке — 2 км жүгіру
Ана — 2 км велосипедпен жүру
Бала — 200 м жүгіру
13 қыркүйекте сағат 09:00-де Триатлон саябағында өтеді. 150 отбасы қатыса алады (450 адам).
Қатысу тегін. Тіркелу 8 қыркүйекте басталып, қатысушылар лимиті толғанға дейін жалғасады. Өтінімдер сағат 08:30-дан 20:00-ге дейін қабылданады.
Тіркелу баланың жасына қарай жүргізіледі.
8–9 жас: WhatsApp +7 747 054 5900 — Дарын Ізтілеуов
10–11 жас: WhatsApp +7 701 408 8393 — Гүлжан Әбілқасымова
12–13 жас: WhatsApp +7 775 778 9725 — Гүлнар Базарханова
«Otbasy duathlon – 2026» — отбасыңызбен бірге белсенді уақыт өткізіп, командалық рухты сезінуге және спорт сынынан бірге өтуге тамаша мүмкіндік.
Еске сала кетсек, былтыр Астанадағы Триатлон саябағында өткен отбасылық дуатлонға 75 отбасы қатысты