Референдум-2026

30 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

26 маусым, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
30 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 30 маусымда сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған құжатта.

Еске салсақ, Мәжіліс Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялады.