Header Banner

Астаналық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бүгін, 17:09
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Фото: ұйымдастырушылардан

Қытайдың Нанкин қаласында батуттық гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты және жас ерекшеліктері бойынша әлем біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Халықаралық додаға әлемнің 43 елінен 951 спортшы қатысуда.

Байрақты бәсекеде елордалық спортшы Әлихан Мәулет күміс медаль жеңіп алды.

​

Ол 17-21 жас аралығындағы спортшылар арасында қос мини-трамп (Double Mini-Trampoline) бағдарламасы бойынша сынға түсіп, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.

Еске сала кетейік, елордалық спортшылар паделден Азия кубогының қола жүлдегері атанды.