Астаналық бүлдіршіндер Республика күніне ән арнады – ВИДЕО

Астаналық бүлдіршіндер Республика күніне ән арнады – ВИДЕО
Фото: Астана қаласы Білім басқармасы

Астанадағы №93 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиеленушілері 25 қазан – Республика күніне орай патриоттық ән орындады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.

Мерекеге арналған ән арқылы бүлдіршіндер туған жерге деген сүйіспеншілігін, Отанға деген құрметін жеткізді.

Балабақшада балаларды жастайынан отансүйгіштікке тәрбиелеуге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Республика күніне арналған бұл бастама да бүлдіршіндердің бойында елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада Республика күні қалай аталып өтетінін жаздық.