Header Banner

Астаналық параспортшы боччадан әлем кубогында екі медаль жеңіп алды

Бүгін, 14:32
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық параспортшы боччадан әлем кубогында екі медаль жеңіп алды
Фото: Қазақстан бочча федерациясы

Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен боччадан São Paulo 2026 World Boccia Cup әлем кубогында Қазақстан ұлттық құрамасы командалық сында күміс жүлдеге ие болды. Құрама сапында елордалық параспортшы Итиана Шингисханова да өнер көрсетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Әлемнің 26 елінен 90-ға жуық спортшы қатысқан халықаралық жарыста қазақстандық параспортшылар жоғары нәтиже көрсетті.

Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Хорватияны 9:4, Аргентинаны 6:2 есебімен жеңіп, Бразилиямен 8:8 есебімен тең түсті.

Жартылай финалда отандастарымыз Испания құрамасын 7:5 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

Шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы Бразилия спортшыларына 2:9 есебімен есе жіберіп, әлем кубогының күміс жүлдегері атанды.

Айта кетейік, елордалық параспортшы Итиана Шингисханова осы әлем кубогының жекелей сынында да күміс медаль жеңіп алған болатын.

Осылайша, астаналық спортшы Итиана Шингисханова әлем кубогында жекелей және командалық сындарда екі күміс медаль жеңіп алды.