Header Banner

ІІМ автокөліктерге қатысты ірі алаяқтық схеманың жолын кесті

ІІМ автокөліктерге қатысты ірі алаяқтық схеманың жолын кесті
Фото: ІІМ

Ішкі істер министрлігі автокөліктерге қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызиметіне сілтеме жасап. 

Күдіктілер екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы жалған тұлғалардың атына көлікті кепілге рәсімдеген. Кейін көліктерді Қазақстан аумағынан тыс жерлерге шығарып, қайта сатқан. Қазіргі мәлімет бойынша осындай жолмен шетелге 56 автокөлік шығарылған.

«Қылмыстық әрекетті тоқтату мақсатында ІІМ бір уақытта еліміздің 10 өңірінде жедел іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде 48 адам полицияға жеткізілді. Олардың ішінде қылмыстық топты ұйымдастырды деген күдікке ілінген алты адам уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, шетелге шығарылған көліктерді іздестіру қолға алынды. Істі тергеу барысы ІІМ-нің бақылауында.

Еске салсақ,  Бас прокуратура қазақстандықтардың дербес деректерін ұрлауға бағытталған интернет алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертті.