Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«11 қарашада ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының төрағасы Н. Жақыпов пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы Е. Отыншиевті және сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен басқа да адамдарды ұстады», делінген хабарламада.