Header Banner

Елордада биыл тұрғындар тыныштығын бұзуға қатысты 52 мыңнан астам дерек тіркелді

Елордада биыл тұрғындар тыныштығын бұзуға қатысты 52 мыңнан астам дерек тіркелді
Фото: polisia.kz

Астанада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыс күшейтілген режімде жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері тыныштықты бұзу деректерін анықтап, құқық бұзушыларға заң аясында шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәлімдеуінше, жыл басынан бері елордада тыныштықты бұзуға қатысты 52 мыңнан астам дерек тіркелді.

«М.Жұмабаев даңғылындағы караокеде музыканың шамадан тыс қатты қойылуы салдарынан тұрғындардың тыныштығы бұзылған. Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Тағы бір жағдай Төле би көшесінде тіркелді. Түнгі сағат 00:30 шамасында тұрғындардың балалары көпқабатты тұрғын үйдің дәлізінде жүгіріп, шу шығарған. Сонымен қатар домофон арқылы кіреберіс есігін ашу жағдайы да орын алған. Мұндай әрекеттер көршілердің тыныштығына кедергі келтіріп, тұрғындардың наразылығын тудырған», делінген хабарламада.

Астана қаласының Полиция департаменті тыныштықты бұзу – жай ғана тұрмыстық келіспеушілік емес, заң талаптарын бұзу екенін ескертеді.

Еске салсақ, сәбилі болғанын атап өтіп, түнде отшашу атқан елордалық бес күнге қамалды.