Header Banner

Ясмина Тоқсанбаева Жапониядағы жарыстары туралы айтып берді

Ясмина Тоқсанбаева Жапониядағы жарыстары туралы айтып берді
Фото: Арлан Олжабай

Спорттық жүрістен Азия ойындарында алтын медальдан айырылған қазақстандық спортшы Ясмина Тоқсанбаева Жапониядағы жарыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz тілшісі. 

«Жапонияда төртінші мәрте жарысқа қатыстым. Бұған дейін 2025 жылдың наурыз айында Номи қаласында өткен Азия чемпионатында жартылай марафон қашықтығында қола жүлде, ал 2026 жылы дәл сол қалада күміс медаль жеңіп алдым. Сондай-ақ 2025 жылы Токиода өткен әлем чемпионатында 23-орынға тұрақтадым. Мұны өте жақсы көрсеткіш деп санаймын. Оның үстіне былтыр ғана ересектер арасында дебют жасаған едім. Жалпы Жапонияның климаты ылғалды», – деді Ясмина Тоқсанбаева.

Айта кетейік, Ясмина Тоқсанбаева Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өткен XX жазғы Азия ойындарында 42,195 шақырымдық марафондық спорттық жүріс жарысында мәреге бірінші болып жеткен еді. Ол аталған қашықтықты 3 сағат 22 минут 20 секундта бағындырды.

Алайда жарыстан кейін қазақстандық спортшының аяқ киімі белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталып, нәтижесінде ол алтын медальдан айырылды. Ал Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті осы жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған еді.