Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
Тоқсанбаева марафон қашықтығындағы спорттық жүрістен өткен жарыста жеңіске жетті.
Отандасымыз жарысты 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесімен аяқтады.
Мәреге екінші болып қытайлық Даньцзэн Цюйцзун жетті – 3:26:09. Тағы бір қытайлық спортшы Ма Ли 3:32:26 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.
Бұл медаль Қазақстан құрамасының Азиада-2026 ойындарындағы тоғызыншы алтын жүлдесі болды.