Header Banner

131 елдімекендегі ауыз сумен қамту құбырлары жаңғыртылып жатыр

131 елдімекендегі ауыз сумен қамту құбырлары жаңғыртылып жатыр
Фото: primeminister.kz

2026 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігі 45,5 мыңнан астам адамның ауыз сумен қамтылуын жақсартуға бағытталған жобаларды жүзеге асырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті ауылдық елді мекендердің ауыз сумен қамтылуын жақсарту мақсатында топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша бірқатар жобаны аяқтады.

Жұмыстар Ақтөбе, Ақмола және Қызылорда облыстарындағы халқының жалпы саны 45,5 мыңнан асатын 14 ауылды қамтыды.

Жобалар аясында жалпы ұзындығы 53,6 шақырым жаңа су құбыры тартылып, 62,9 шақырым су құбыры реконструкцияланды. Сонымен қатар су құбыры құрылыстарына арналған алаңдар, таза су резервуарлары мен су көтеру сорғы станциялары салынды.

«Қазіргі уақытта комитет топтық су құбырларын салу және реконструкциялау жалғасып жатыр. Бүгінде жалпы саны 443,2 мың адам тұратын 131 елдімекеннің ауыз сумен қамтылуын жақсартуға мүмкіндік беретін 14 жоба жүзеге асырылып жатыр», - ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Нұрбек Серіков.

Еске салсақ, елімізде 746 канал реконструкцияланып жатыр.