Header Banner

Зайсандағы қорғанды қазғандар анықталды – ШҚО әкімдігі

Зайсандағы қорғанды қазғандар анықталды – ШҚО әкімдігі
Фото: kk.wikipedia.org

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Зайсан ауданындағы «Шағаноба» археологиялық кешенінің қорғандарына зақым келуіне қатысты оқиға бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz. әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы әлеуметтік желіде ақпарат тараған еді.

«13 қарашада полиция қызметкерлері оқиға орнына барды. Кешен аумағында қазылған шұңқырларды «SRS» ЖШС-на тиесілі техниканың көмегімен көмілгені анықталды. Оқиға орнындағы азаматтардың аты-жөні нақтыланып, материалдар полицияда тіркелді.

Сол күні тарихи-мәдени мұраны қорғау мамандары, археолог, әкімдік және полиция өкілдері аумақты тексерді. Жер қазу іздері фотоға және бейнеге түсіріліп, тиісті акт жасалды», делінген хабарламада.

Қар жамылғысына байланысты қорғандарға келген залал көлемін толық анықтауға мүмкіндік болмаған. 2027 жылдың көктемінде қосымша тексеру жүргізіліп, қажет болған жағдайда авариялық-құтқару археологиялық жұмысы ұйымдастырылады.

Әкімдіктің мәлімдеуінше, оқиғаның мән-жайына құқықтық баға беру үшін тексеру материалдары құқық қорғау органдарына жолдау тапсырылды. Заң бұзушылық анықталса, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту шаралары қабылданады.

Еске сала кетсек, Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушылардан 226 млн теңгеден астам қаржы өндірілді.