Header Banner

Shymbulak әлемдегі ең үздік 10 аспалы жолдың қатарына енді

Shymbulak әлемдегі ең үздік 10 аспалы жолдың қатарына енді
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматының бірден үш туристік нысаны 2026 жылғы халықаралық The Worldworthy 100 рейтингіне енді. Кімасар шатқалы әлемдегі ең үздік жаяу серуендеу бағыттарының арасында 56-орынға, ал Бұтақты шатқалы 79-орынға ие болды. Shymbulak аспалы жолы әлемдегі ең үздік аспалы жолдар рейтингінде 9-орын алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Үш нысан да саяхатшылардың пікірі, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар мен туристік жол сілтеме ұсынымы ескерілетін рейтингтің лауреаты сертификатын иеленді.

Алматының таулы бағыттарына қызығушылық артып келеді. 2026 жылы қаңтар-қазан айларында Іле Алатауы ұлттық саябағына 1,6 миллионнан астам адам барған. Mastercard деректеріне сәйкес, 2025 жылы Алматыдағы шетелдік туристер барған туристік нысандардың 30,62%-ы Shymbulak-қа тиесілі болды.

Еске сала кетсек, халықаралық The Global Chic Voyage басылымы Қазақстанның туристік әлеуеті туралы мақала жариялады.