Header Banner

Көкшетау – Астана тасжолында нөмірін жасырған жүргізуші ұсталды

Бүгін, 13:16
Думан Аманжол Думан Аманжол
Көкшетау – Астана тасжолында нөмірін жасырған жүргізуші ұсталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Көкшетау — Астана тасжолында елордалық полицейлер Scania жүк көлігін тоқтатты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында жүргізушінің мемлекеттік тіркеу нөміріндегі әріптер мен сандарды изолентамен өзгертіп, нөмірді оқуды қиындатуға тырысқаны анықталды.

«54 жастағы шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол бір тәулікке әкімшілік қамауға алынып, бір жылға көлік басқару құқығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Полиция көлік нөмірін әдейі жасыру немесе өзгерту заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Еске салсақ, Астанада әлеуметтік желіде балағат сөздер айтқан ер адам 7 тәулікке қамалды.