Халықаралық The Global Chic Voyage басылымы Қазақстанның туристік әлеуеті туралы мақала жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Сингапурлық ағылшын тілді The Global Chic Voyage басылымында еліміздің туристік мүмкіндіктері мен Қазақстанды шетелдік саяхатшыларға жаңа қырынан танытатын басты оқиғаларға арналған «Kazakhstan Adds a UNESCO Listing and a Tokyo Route in 2026» атты мақала жарық көрді.
Мақалада еліміздің туристік бағыттары кеңінен таныстырылған: Астана мен Бурабай, Алматы және Алматы тау кластері, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облысы. Авторлар 2026 жылғы екі маңызды оқиғаға ерекше назар аударған: өңірдің әлемдік мәдени және экотуризм картасындағы орнын нығайтатын Маңғыстаудың жерасты мешіттерінің ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енуі, сондай-ақ Азия елдерінен келетін саяхатшылар үшін жаңа бағыттар ашатын 2026 жылғы 30 қарашадан бастап Алматы — Токио бағыты бойынша тікелей әуе қатынасының іске қосылуы.
Айта кетерлігі, The Global Chic Voyage — Сингапурда орналасқан және Asia Press Centre Group (APCG) медиатобына кіретін саяхат, гастрономия және қонақжайлылық индустриясы туралы мамандандырылған басылым. Желінің негізгі оқырман аудиториясы Сингапур, Таиланд, Индонезия, Филиппин, Малайзия, Үндістан, Гонконг және Вьетнам сияқты Азия елдерін қамтиды.
Еске сала кетсек, Қазақстан Азия елдері арасында білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды.