Құрылтай халықаралық жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған «Жүктерді халықаралық жолмен тасымалдау шарты туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңды екі оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Конвенция 1956 жылғы 19 мамырда Женева қаласында қабылданған. Құжат жүктерді халықаралық автомобиль жолымен тасымалдау шартын жасасудың, орындаудың және бұзудың бірыңғай ережелерін белгілейді. Сондай-ақ тасымалдаушының шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігін айқындайды.
Бүгінде Конвенцияға 58 мемлекет, оның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы барлық ел қосылған.
Қазақстанның Конвенция ережелерін қолдануы отандық және шетелдік тасымалдаушылардың жұмыс шарттарын біріздендіру, тасымалдаушылардың жауапкершілігін айқындау, талаптар қою мен хабарламалар жіберу мерзімдерін белгілеу, сондай-ақ халықаралық автомобиль жүк тасымалы шарттарын жасасудың бірыңғай ережелерін қалыптастыру көзделген.
Министрліктің мәліметінше, конвенцияны ратификациялау Қазақстанның оған қатысушы мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылын нығайтуға жол ашады.
Бұған дейін ЕАЭО елдерінде жүк тасымалдауға қойылатын талаптардың күшейтілгені хабарланған еді.