Қазақстанда жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру және әлеуметтік осал топтағы жастарды қолдау шаралары жүзеге асырылуда. 2023 жылдан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысының кемінде 2%-ы жетім балаларға бөлініп келеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ОКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, соңғы үш жылда әлеуметтік осал топтардан шыққан студенттерге, оның ішінде жетім балалар мен толық емес отбасылардан шыққан жастарға жатақхана шығындарын өтеу және шәкіртақысына қосымша үстемеақы төлеу түрінде қолдау көрсетілуде.
«Серпін» бағдарламасын іске асыру тетіктері де жаңартылды. Былтыр бағдарлама бойынша бөлінген гранттарды игеру көрсеткіші алғаш рет 80%-дан асты. Қазіргі уақытта бағдарлама жаңа форматқа көшіріліп, оның ережелеріне өзгерістер енгізілді», – деді ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.