Header Banner

Елімізде жеті жылда 755 мыңнан астам білім гранты бөлінген

Бүгін, 15:58
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елімізде жеті жылда 755 мыңнан астам білім гранты бөлінген
Фото: ortcom.kz

Елімізде жоғары білімге қолжетімділік өте жоғары деңгейде. Соңғы жеті жылдың ішінде 755 мыңнан астам мемлекеттік тапсырыс аясында гранттар берілді. Осы бағытта 1,5 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оның мәліметінше, шәкіртақылар соңғы бес жылда кемінде 2 есе, 7 жылдың ішінде 2,5 есе өсті. Бұл жұмыстар жалғасын табады.

«Шетелдік студенттерге келсек, осыдан 4,5-5 жыл бұрын бастаған стратегиямыз өз нәтижесін көрсетуде. 5 жылдың ішінде 41 мыңға жуық шетелдік студент Қазақстанда оқып жатыр. Бұл – тарихи рекорд. Қазақстан аймақта академиялық хаб ретінде қалыптасты деп толыққанды айта аламыз», – деді спикер баспасөз конференциясында.