Header Banner

Астанада ТЖМ қызметкерлері Есіл өзенінен бойжеткенді құтқарды

Астанада ТЖМ қызметкерлері Есіл өзенінен бойжеткенді құтқарды
Фото: pexels.com

Астанада Есіл өзеніне суға құлап түскен бойжеткен құтқарылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, Сарыарқа ауданында Ш. Бейсекова көшесіндегі көпір маңында 20 жастағы бойжеткен көпірден Есіл өзеніне секірген.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетті. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қайықпен қызға барып, оны судан шығарып, жағаға жеткізді. Қыз жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

Еске сала кетсек, Астанада Есіл өзенінен 56 жастағы ер адамның денесі табылды.