Header Banner

Ақмола облысында 15 жаңа көлік тиелген екі көлік тасымалдаушы аударылды

Бүгін, 16:02
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Ақмола облысында 15 жаңа көлік тиелген екі көлік тасымалдаушы аударылды
Фото: видеодан скриншот/Ақмола ПД

Екі ірі габаритті автокөлік құралының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы 2026 жылғы 13 қарашада «Астана-Атбасар – Жақсы» автожолының 131-ші шақырымында орын алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақмола облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Өңірлік ПД мәліметінше, «FAW» автокөлік тасымалдаушыларының шетелдік жүргізушілері Хоргостан Ресей Федерациясына он бес жаңа көліктің үлкен партиясын тасымалдап келе жатқан.

«Қозғалыс кезінде трассада пайда болған мұзға байланысты бірінші көлік тасымалдаушының жүргізушісі рульді басқара алмай қалған. Соқтығысу нәтижесінде бірнеше тонналық жүк көліктері жолдан шығып, кюветке құлаған. ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Автокөлік тасымалдаушының жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама жасалды», - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін Қостанайда жүргізуші полициядан қашамын деп автобусқа соғылып, мерт болғаны туралы жаздық.