Header Banner

Қазақстан мен БҰҰ Каспий экологиясы мен климат мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтады

Бүгін, 09:26
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстан мен БҰҰ Каспий экологиясы мен климат мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтады
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қазақстан мен БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы пластик, Каспий теңізі және климаттық күн тәртібі мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты, деп хабарлайды Elordainfo.kz  Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. 

15 қарашада COP31 климат конференциясы аясында Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі Ә. Қуантыров БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) басшысы И. Андерсенмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЮНЕП арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын, сондай-ақ өзекті экологиялық және климаттық мәселелерді шешу жолындағы әріптестікті одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.

Пластикпен ластануға қарсы күрес жөніндегі жаһандық келісімді әзірлеуге бағытталған халықаралық келіссөздер процесіне ерекше назар аударылды. Тараптар Үкіметаралық келіссөздер комитетінің жұмысы барысы туралы пікір алмасып, тиімді халықаралық шешімдерді әзірлеу үшін сындарлы диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Талқылаудың жеке бағыты Каспий теңізінің экожүйесін сақтау мәселелері бойынша ынтымақтастыққа арналды.