Header Banner

Шарын шатқалы әлемдегі үздік 100 каньонның қатарына енді

Бүгін, 18:01
Думан Аманжол Думан Аманжол
Шарын шатқалы әлемдегі үздік 100 каньонның қатарына енді
Фото: charyn.kz

Әлемге әйгілі Шарын шатқалы халықаралық The Worldworthy 100 рейтингінің биылғы шығарылымында әлемдегі ең үздік 100 каньон, шатқалдың қатарына енді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, Шарын шатқалы әлем бойынша – 17-орын, Қазақстан бойынша – 1-орында тұр. 

«Worldworthy 100 – келушілердің пікірлері мен ұсыныстарын, журналистік зерттеулерді және ашық дереккөздердегі мәліметтерді ескере отырып жасалатын тәуелсіз редакциялық рейтинг. 2026 жылғы каньондар мен шатқалдар тізіміне 46 елден 100 нысан енгізілген. Worldworthy редакциясы «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне рейтинг лауреатының арнайы сертификатын жолдады.

Бұл – Қазақстанның бірегей табиғи мұрасын әлемге танытатын қуанышты жаңалық әрі оны сақтау жолында еңбек етіп жүрген табиғат қорғаушылары үшін ерекше мәртебе», - делінген ақпаратта.