Header Banner

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас 5 жануардың өлексесі табылды - тергеу жүргізіліп жатыр

9 қараша, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас 5 жануардың өлексесі табылды - тергеу жүргізіліп жатыр
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

7 қарашада Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және Ұйғыр аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, күшейтілген табиғат қорғау рейдін жүргізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. 

Рейд барысында «Шонжы – Көкпек – Алматы» автожолында күдік тудырған автокөлік тоқтатылды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, көліктегі азаматтардың 6 қарашада ұлттық парктің Темірлік аумағына жақын жерде заңсыз аңшылық жасауға қатысы болуы мүмкін.

«Оқиға орнында қарақұйрыққа ұқсас 5 жануардың ұшасы табылды. Олардың нақты түрі мен жынысы сараптама нәтижесінде анықталады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелді», - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта азаматтардың оқиғаға қатыстылығы мен барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.