Header Banner

Астанада Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай қаланы мерекелік безендіру басталды

Астанада Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай қаланы мерекелік безендіру басталды
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жүргізіліп жатыр. Айтулы дата қарсаңында елорда көшелеріне мемлекеттік ту мен тақырыптық баннерлер ілініп, ғимараттардың қасбеті мен LED-экрандарда мерекелік бейнелер көрсетіле бастады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Мерекелік безендіруді қаланың бірнеше аумағынан көруге болады. Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған тақырыптық бейнероликтер қалалық 3D LED-экранда, шолу дөңгелегінде, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ғимаратының қасбетінде және басқа да нысандарда көрсетіліп жатыр.

Мерекелік шараларға елорданың сауда орталықтары да атсалысуда. Олардың ішкі LED-экрандарынан Қазақстан тәуелсіздігіне арналған бейнероликтер көрсетілуде.

Айта кетейік, 2026 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтеді.