Мәнерлеп сырғанаудан Эверетт (АҚШ) қаласында өткен Skate America Гран-приі мәресіне жетті. Нәтижесінде Қазақстан намысын қорғаған Софья Самоделкина ТОП-5-ке кірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Софья Самоделкина шешуші еркін бағдарламасын мінсіз орындап, 137,56 ұпайымен маусымындағы жеке рекордын жаңартты. Қос бағдарламаның қорытындысы бойынша, Софья Самоделкина 198.59 ұпаймен 5-орынға тұрақтады.
Алтын медаль - Ами Накаи (Жапония) - 236.81 ұпай
Күміс медаль - Ксения Игнатова (бейтарап) - 213.90
Қола медаль - Рино Мацуике (Жапония) - 211.63
4-орын. Южае Ким (Оңтүстік Корея) - 204.28
5-орын. Софья Самоделкина - 198.59
Айта кетейік, спортшымыз осы маусымда Алматыда өткен Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алған еді.