Қазақстандық былғары қолғап шебері Марал Төлепберген Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Отандасымыз 54 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында мысырлық боксшы Хаджер Эльшербини Вахбамен қолғап түйістірді.
Үш раундтың қорытындысы бойынша Марал Төлепберген 5:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.
Айта кетейік, бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) және Бибарыс Әшірбай (70 келі) 1/2 финалға өткен еді.
Еске салсақ, боксшы Абылайхан Жүсіпов ел чемпионатының басты сенсациясын жасаған боксшыға жауап берген болатын.