Өзбекстанмен шекарадағы бірқатар өткізу пункттері тәулік бойы жұмыс режиміне көшеді - Мәжіліс
Мәжіліс Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құжатқа 2024 жылғы 8 тамызда Астанада қол қойылған.
Хаттама «Сырдария – Малик» және «Целинный – Ок олтин» өткізу пункттерінің мәртебесі мен жұмыс режимін «екіжақты» мәртебеден «халықаралық (көпжақты)» мәртебеге ауыстыру, сондай-ақ жұмыс режимін «күндізгі уақыттан» «тәулік бойы» режимге өзгерту көзделген.
Бұл өзгерістер өткізу бекеттерінің өткізу қабілетін арттыруға, жүк және жолаушылар ағынын жеделдетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы транзиттік-көліктік әлеуетті дамытуға бағытталған.