Астананың Байқоңыр ауданында логистикалық орталық салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, қала әкімдігінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі қаулысымен С331 көшесінде орналасқан жер учаскесіне логистикалық орталық салу үшін «ИМВБКЗ» ЖШС-не уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы берілген.
«Жер учаскесін пайдалану мерзімі 2028 жылғы 30 қыркүйекке дейін белгіленген», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, «ИМВБКЗ» ЖШС бұл - Қазақстан аумағындағы «Wildberries» маркетплейсінің заңды тұлғасы болып табылады.
Еске салсақ, Астананың «Алматы» ауданында 2 мың орынға шақталған мектеп салына бастады.