Елорданың «Алматы» ауданында 2 000 орынға арналған жаңа мектептің құрылысына дайындық жұмысы басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz аудан әкімдігіне сілтеме жасап.
Жаңа мектеп «Южный» гараж кооперативінің орнында – Тәуелсіздік даңғылы мен А. Тоқпанов көшесінің аралығында бой көтереді.
Жобаны іске асыру 2 000 жаңа оқушы орнын ашуға, заманауи білім беру инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыруға және аудан тұрғындары үшін балалардың сапалы білім алуына қосымша мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік береді.
Еске салсақ, Астанада жаңа оқу жылында 9 білім беру нысаны ашылды.