Дэвис кубогы: Қазақстанның Таиландқа қарсы матчқа шығатын құрамы жарияланды

Бүгін, 16:48
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Дэвис кубогы: Қазақстанның Таиландқа қарсы матчқа шығатын құрамы жарияланды
Фото: ktf.kz

Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасының Дэвис кубогының екінші әлемдік тобы аясында Таиландқа қарсы өтетін матчқа қатысатын ойыншылары анықталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Қазақстан сапында Александр Шевченко, Денис Евсеев, Тимофей Скатов, Бейбіт Жұқаев және Әмір Омарханов өнер көрсетеді.

Қазақстан мен Таиланд арасындағы кездесу 18-19 қыркүйек күндері Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының хард корттарында өтеді.

Кездесу бес ойыннан тұрады: төрт жекелей және бір жұптық сайыс.

Матчта жеңіске жеткен команда 2027 жылғы Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобының плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін бокстан Азия ойындарына баратын құрам қаншалықты тәжірибелі екенін жаздық.