Елімізде бір жылда фастфут қызметтерінің бағасы 10,2%-ға өсті

Елімізде бір жылда фастфут қызметтерінің бағасы 10,2%-ға өсті
Фото: Ұлттық статистика бюросы

2026 жылғы тамызда фастфуд қызметтерінің бағасы бір айда 0,1%-ға, ал бір жылда 10,2%-ға өсті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бір ай ішінде баға Түркістан облысында 1,2%-ға өсті. Қалған өңірлерде баға өзгерген жоқ.

Бір жыл ішінде бағаның ең жоғары өсуін Ақтөбе (23,0%) және Ақмола (16,2%) облыстарының, Павлодар (15,7%), Түркістан (15,5%) және Атырау (13,6%) облыстарының тұрғындары сезінді.

Бағаның ең төмен жылдық өсімі Маңғыстау (1,4%) және Қарағанды (4,0%) облыстарында тіркелді.