Астанада Республика күні қарсаңында көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды

Бүгін, 09:04
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада Республика күні қарсаңында көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада Республика күні қарсаңында көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары табысталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап. 

Есіл ауданында тоғыз ана осындай марапаттарға ие болды. Олардың төртеуіне «Алтын алқа», тағы бесеуіне «Күміс алқа» төсбелгісі берілді. Аналардың еңбегі мен бала тәрбиесіне қосқан үлесі жоғары бағаланды.

Байқоңыр ауданында да екі көпбалалы анаға ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі үшін «Күміс алқа» табысталды.

Алматы ауданында 11 көпбалалы ана мемлекеттік наградамен марапатталды. Олардың 10-ы «Күміс алқамен», біреуі «Алтын алқамен» марапатталды.

Еске салайық, бұдан бұрын да елордалық көпбалалы аналарға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» төсбелгілері табысталғаны туралы жаздық.