Астанада туристік полиция Қытай мен Моңғолиядан келген қонақтарға көмектесті

Бүгін, 15:20
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада туристік полиция Қытай мен Моңғолиядан келген қонақтарға көмектесті
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Астанада туристік полиция қызметкерлері Моңғолия мен Қытай Халық Республикасынан келген шетелдік туристерге көмектесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері қонақтарға ағылшын және қытай тілдерінде елорда бойынша бағыт-бағдар беріп, тарихи және мәдени нысандар туралы ақпарат ұсынды. Сонымен қатар туристік бағыттар бойынша қажетті мәліметтермен бөлісті.

«Сапарларын жайлы әрі қауіпсіз өткізу үшін туристерге арнайы туристік бағыт карталары табысталып, байланыс үшін SIM-карталар берілді», - делінген хабарламада.

Шетелдік қонақтар туристік полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Еске салсак, Астанада сүйіктісіне тосынсый жасаған студент 5 тәулікке қамалды.