Елена Рыбакина US Open турнирінің ширек финалына шықты

Бүгін, 10:13
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елена Рыбакина US Open турнирінің ширек финалына шықты
Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина теннистен АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан US Open турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

1/8 финалда Рыбакина Жапония өкілі Наоми Осакомен кездесті.

Матч екі сетке созылып, 6:1, 6:4 есебімен аяқталды. Осылайша, қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет US Open турнирінің ширек финалына шықты.

Рыбакинаның келесі қарсыласы – 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Қытай өкілі Чжэн Циньвэнь.

Еске салсақ, ел құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогының кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды