Павлодар облысы ТЖД қызметкері, BATYR TEAM спорт клубының атынан өнер көрсеткен Аида Аблаева ММА-дан «2026 IMMAF World Championships» әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Жарыс 1-7 қараша аралығында Грузияның Тбилиси қаласында өтіп, оған 60 елден 850-ден астам спортшы қатысты. Аида 18 - 20 жас аралығындағы спортшылар арасында 52,2 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Айта кетейік, биыл қазан айында спортшы АММА-дан Қазақстан чемпионы атанып, әлем біріншілігіне жолдама алған болатын.

Өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан құрамалары әлемдік додада топ жарды.