Ел құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогының кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды

Бүгін, 16:41
Думан Аманжол Думан Аманжол
Ел құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогының кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет

Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден Чехияның Френштат-под-Радгоштем қаласында өткен FIS кубогының кезеңінде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күнінде Данил Васильев жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы екі мүмкіндіктің қорытындысы бойынша 258,4 ұпай жинап, австриялық Якоб Штайнбергерді (236,6) және польшалық Ян Галицаны (236,3) басып озды.

Екінші күні Қазақстан өкілдері алғашқы екі орынды иеленді. Жеңімпаз атанған Илья Мизерных 267,4 ұпай жинады. Екінші орынға 259,8 ұпаймен Данил Васильев жайғасты. Үздік үштікті 244,5 ұпай жинаған австриялық Якоб Штайнбергер түйіндеді.

Еске салсақ, елордада үстел теннисінен жүлде қоры 300 мың доллар халықаралық турнир өтеді.