Елордада үстел теннисінен жүлде қоры 300 мың доллар халықаралық турнир өтеді

Елордада үстел теннисінен жүлде қоры 300 мың доллар халықаралық турнир өтеді
Фото: ҰОК

Елордада 15-20 қыркүйек аралығында үстел теннисінен беделді халықаралық турнирлердің бірі – WTT Star Contender Astana 2026 – President’s Cup өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылып, әлемнің үздік үстел теннисі шеберлерінің басын қосады.

Турнир Қазақстан Республикасы Президентінің дәстүрлі кубогі аясында өтіп, халықаралық WTT (World Table Tennis) сериясы кезеңінің біріне айналады.

Жарыстың жүлде қоры – 300 мың АҚШ доллары. 

Турнир бағдарламасы:
• 15 қыркүйек – ашылу салтанаты;
• 16-18 қыркүйек – жарыс күндері;
• 19-20 қыркүйек – финалдық кездесулер.

Жарысты Nomad Table Tennis Academy ұйымдастырады.

12 жасқа дейінгі балаларға ересек адаммен бірге кіру тегін.