Жалған концерт билетін сатқан жігіт 2 жылға бас бостандығынан айырылды

Жалған концерт билетін сатқан жігіт 2 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Елордада екі жалған концерт билетін сатқан ер адам 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, 30 жастағы ер адам ресми сайттан екі билет сатып алып, олардың дерегін өзгерту арқылы жалған баламасын жасап, Threads әлеуметтік желісінде билет сату туралы хабарландыру жариялайды. Оған екі азамат жауап берді. Олар сатушыға 50 және 40 мың теңге аударды. Сатып алушының бірі кәмелетке толмаған жасөспірім.  

Ақшаны алған соң, жігіт сатып алушылардың нөмірін бұғаттап, байланысқа шығуды тоқтатқан. 

Сот үкімімен залалдың өтелуін және кінәні толық мойындауын ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгіленіп, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске сала кетсек, 1,3 млн теңгеге әскери билет сатып алмақ болған ақмолалық алданды.