Сиязбек Дәлиев Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды

Бүгін, 17:19
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Сиязбек Дәлиев Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
Фото: instagram.com/csp_parasport.kz

Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы паражүзуден 4×50 метрге еркін стильдегі аралас эстафетада (20 ұпай) күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ұлттық құрама сапында елордалық спортшы Сиязбек Дәлиев, сондай-ақ Наталья Звягинцева, Айсұлтан Құлқаев және Зүлфия Ғабидуллина өнер көрсетті.

Финалдық бәсекеде қазақстандық спортшылар 2 минут 48,99 секунд нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болды.

Жарыста 2 минут 25,22 секунд нәтижемен Қытай құрамасы жеңіске жетіп, Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты.

Ал 2 минут 54,64 секунд көрсеткішпен Таиланд құрамасы қола жүлдені еншіледі.

Осылайша, елордалық паражүзуші Сиязбек Дәлиев V Азия Пара ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының медаль қорын тағы бір күміс жүлдемен толықтыруға өз үлесін қосты.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордалық спортшы Азия Пара ойындарының қола жүлдегері атанды.