Астаналық паражүзуші Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды

Бүгін, 16:21
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық паражүзуші Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
Фото: Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында елордалық паражүзуші Әли Тұрғанбеков 100 метрге брасс әдісімен жүзуден күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Финалдық сайыста Әли Тұрғанбек 1 минут 44,26 секунд нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болды. Осылайша, ол Қазақстан құрамасының жүлде қорын тағы бір күміс медальмен толықтырды.

Жарыста Малайзия өкілі Мұхаммад Нұр Шафик бин Зулкафли 1 минут 41,44 секунд нәтижемен жеңіске жетіп, Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты. Ал 1 минут 57,25 секунд көрсеткішпен мәреге жеткен Үндістан спортшысы қола жүлдені иеленді.

Осылайша, Әли Тұрғанбеков V Азия Пара ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері атанды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан құрамасы Азия Пара ойындарында төрт алтын медаль жеңіп алды

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы паражүзуден 4×50 метрге кешенді жүзу бойынша аралас эстафетада күміс медаль жеңіп алған болатын. Ұлттық құрама сапында елордалық спортшылар Әли Тұрғанбеков пен Сиязбек Далиев, сондай-ақ Наталья Звягинцева мен Зүлфия Ғабидуллина өнер көрсетті.