Республика күніне орай астаналық оқушылар «Атамекен» әнін орындады – ВИДЕО

Бүгін, 17:05
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Республика күніне орай астаналық оқушылар «Атамекен» әнін орындады – ВИДЕО
Фото: instagram.com/bilimastana

Астанадағы №115 жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары Республика күніне орай Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.

Оқушылардың орындауындағы ән туған жерге деген сүйіспеншілікті, елге деген мақтаныш пен отансүйгіштік сезімді дәріптеуге арналды.

«Атамекен» әні арқылы мектеп оқушылары ел бірлігі мен тәуелсіздік құндылықтарына құрметін білдірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін астаналық бүлдіршіндер Республика күніне ән арнағанын жаздық.