Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында елордалық спортшы Алтынай Ержанқызы пара үстел теннисінен қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Астана қаласының өкілі Алтынай Марат Суртубаевпен бірге XD20 класындағы аралас жұптық сында өнер көрсетіп, жартылай финалға дейін жетті.
Қазақстандық жұп жартылай финалда Гонконг өкілдері Лам Ян Ю мен Вонг Хон Ламға қарсы кездесті.
Тартысты өткен кездесуде қарсыластар 3:0 (11:7, 11:4, 11:8) есебімен басым түсті. Нәтижесінде қазақстандық спортшылар V Азия Пара ойындарының қола жүлдегерлері атанды.
Осылайша, Алтынай Ержанқызы елордалық спортшылардың V Азия Пара ойындарындағы жүлде қоржынын тағы бір медальмен толықтырды.
Еске сала кетейік, астаналық паражеңіл атлет Азия рекордын орнатты.