ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекарада құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Атап айтқанда, 20 қазанда «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында шекарашылар Қытай Халық Республикасына 620 дана ақбөкен мүйізін заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.
«Тәркіленген дериваттың қара нарықтағы құны шамамен 180 млн теңгені құрауы мүмкін.
Осы фактіге қатысты материалдар – процестік шешім қабылдануы үшін тергеу бағыты бойынша құзыретті органға беріледі», - делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Еске сала кетейік, Қазақстаннан 2,6 мың тонна алтын құрамды кен заңсыз шығарылмақ болған.